Келіншек – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Келіншек» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1599
Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Осы әнге шаттандырып салады екен,
Түбінде займкенің бір келіншек.

Әмірхан, Темірхан,
Ау, қалқатайым-ау,
Бір келіншек-ау.

Ағашы займкенің селдіреген,
Қалқаның екі көзі мөлдіреген.
Ән салып кешке таман жүргенінде,
Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген.

Әмірхан, Темірхан,
Ау, қалқатайым-ау,
Бір келіншек-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері