Не? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Не?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1669
Қанатбек қутыңдап,
Ауызы бұлтыңдап,
Қаужаңдап шайнайды,
Не жұтып қоймайды,
Жеп тұр ма кəмпиттi,
Жеп жүр ме сiңiрдi,
Қызығып отырмын,
Сезбедi ол мұнымды.
Таусылып шыдамым,
Өзiнен сұрадым.
Ол ашып ауызын,
Көрсеттi сағызын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері