Жиделібайсын жетіңіз
- 0
- 1
Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді?
Соғыспа деп жырлайды
Бұл бетте «Алтын, күміс байда бар» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді?
Соғыспа деп жырлайды
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен
Көлден көлге қоныңыз.
Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы.
Мұсылманның баласы,
Сірә, бір кеңес құрыңыз.
Бірауызды болыңыз!
Қалған елді тосыңыз,
Ай, айтамын, айтамын,
Мінген атың айтамын.
Құлында емген, тайда емген,
Құнанында арда емген,
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас, не пайда;
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда;
Олжас
Өте керемет өлең жолдары