Жаңбыр астындағы махаббат – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Жаңбыр астындағы махаббат» атты Гульнази Назарова жазған махаббат туралы өлең берілген.

Кел өмір сүрейік жаңбыр астында,
Ғасырлар бойы боламын сенің қасыңда.
Елестетші күндіз түні сенімен,
Құлпырған гүлдей бірге өсемін жаныңда.

Кел рахаттанайық жаңбырмен,
Жай ғана су болмайық.
Суығына тоңбайық.
Махаббаттың ыстығымен бірге тыныс алайық.

Кел ,жаңбыр астында қыдырайық,
Оның нәзік иісін біз жұтайық.
Қолшатырсыз аллеяны аралайық
Ғашықтардың хош иісі таралып.
Махаббаттың тәтті дәмін татайық.
Қызықтарға бірге біз батайық.

Кел,жаңбырда үндемей отырайық,
Тамшылардың тыныштығын бұзбайық.
Білу үшін махаббаттың тереңдігін,
Жүректерді үнсіз ғана тыңдайық.
Су болармыз екеумізде,
Тыныс, тіршілік үзілмесін кеудемізде.


Кел, сұрайық құдайдан,
Жаңбыр бітпесін ешқашан.
Әлі талай өлеңдер оқырсың,
Сен маған сен әрқашан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар