Бақ пен бап
Бұл бетте «Бақ пен бап» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бақ шаппады,
Тұлпарым ақсап тағы.
Озан салып Ордаға кіретұғын
Қайран, шабыт, қайдасың жас шақтағы?
Ат келмеді...
Ұмытты бапкер нені?
Тайдағылар мəреге машықтанып,
Қайдағылар қағынып таққа өрледі...
Құлагерім!
Үміттің сыңары едің...
У сепкендей ашылды-ау жан жарасы,
Су сепкендей басылды-ау мына көңіл.
Батыраштар,
Байбатша,
Қотыраштар...
Менменсіген мейірсіз мединеде
Мен білмейтін қаншама жатыр астар?..
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі