Қазақ вальсі – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қазақ вальсі» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 15503
Май туса, гүлдер шешек атса жазда,
Тоғайда бұлбұл, көлде аққу, қаз да.
Сайраса, біз жастар да нақ солардай,
Бақытқа бөленеміз, сауық назға.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.

Сарқырап асау бұлақ ақса құздан,
Алтын күн күлімдесе көкте қызған.
Біз жастар күн нұрынан қуат алып,
Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ вальсі өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қазақ вальсі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ вальсі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ вальсі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері