Қанатталды – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қанатталды» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2506
Әндердің ұлы атасы “Қанатталды”,
Арқада аңыратып Сәтжан салды.
Талдырып, тамылжытып шырқағанда,
Үзілтіп, естігенде жұрт таңқалды.

Гүл бақша көңілді бір әсем әнді,
Тілейтін бұлбұл едім сайрағанды,
Ән шырқап бой жаза алмай, шалқыта алмай,
Қалықтап қайран дүние, қанат талды.

Әнім ед сүйіп салған “Қанатталды”,
Бұл әнім балқытушы ед тыңдағанды.
Өмірден өз еркіме орын таппай –
Кейінге “Қанатталды” әнім қалды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері