Қаракөз /4-нұсқа/ – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Қаракөз /4-нұсқа/» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2132
Балапандай баулыған құсым едің,
Түзден торға дәм айдап түсіп едің.
Қапаста асыраулы бұлбұл құстай,
Абзал зат, қай бақшадан ұшып едің.

Қанатым саған бола қалды-ау қирап,
Таба алмай ем дауасын тұрмын жинап.
Жас ғұмыр далбасалық күнмен өтіп,
Жаһатпен көп шаршадым жанды-ау қинап.

Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармай қап,
Сұм басыма сөз келген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері