Бұл бетте «Қараторғай /2-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарағым, айналайын, қара қасым,
Жібектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай.
Еліктің лағындай егілемін,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.
Қараторғай, қарағым-ай,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.
Қамыстың ат байладым сабағына,
Адамның дос болмағын жаманына, еркем-ай.
Адамның дос болсаңыз жаманына,
Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай.
Қараторғай, қарағым-ай,
Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі