Қоғалы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоғалы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5521
Бозбеткейлім-ай ендеше, бозбеткейлім, ахау,
Бозбеткейден-ай ендеше, мал кетпейді-ай,

Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.

Шөбі жұмсақ-ай шаруа, шөбі шүйгін, ахау,
Бағланы мыңғырған жер жетпейді-ай,
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.

Маусым – мамыр-ай болғанда, маусым мамыр, ахау,
Мад құдықтан су ішер абыр-сабыр-ай,

Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.

Самал соқса қызылдан, ақ дауылмен, ахау,
Күн қызады, жер бусап, жасыл адыр-ай,

Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері