Қоңыр қаз /2-нұсқа/ – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Қоңыр қаз /2-нұсқа/» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5575
Қоңыр қаз көл жағалап қаңқылдаған,
Тізіліп көлге қонып салқындаған.
Көңілді басылыңқы оятқандай,
Әнге сал “Қоңыр қаздай” саңқылдаған.

Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.

Қоңыр қаз көл жағалап ұшқан өрлеп,
Салғандай түрлендіріп әннен өрнек.
Ән салсаң, “Қоңыр қаздың” әніне сал,
Көтеріп көңіліңді көкке сермеп.

Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері