Бұл бетте «Майда қоңыр /1-нұсқа/» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
11.05.2019
0
0
7226
Жас күнің таң болады қартайғанда,
Жан достың суысады мал тайғанда.
Көзіңе өткен күнің елестейді,
Алладан уақыт бітіп жантайғанда.
Төрт бұрышы төңіректің алыс емес
Көзі ашық, зейіні көп майталманға.
Жас күнің әлі-ақ өтер жайраңдаған,
Әр нәрсе тұс-тұсымен сайраңдаған.
Қақ жарған қара суды болса жайын,
Болады о да шортан қайраңдаған
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі