Паңкөйлек – Мұхит Мерәліұлы

Бұл бетте «Паңкөйлек» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3908
Паңкөйлек маң-маң басқан аяқ басатұғын,
Жар қайда ондай көңіл ашатұғын.
Кешегі жиырма бестің желігінде,
Көңілім тау суындай тасатұғын.

Кім білер, кімдер болар мейірім қанар,
Рухым сөнген менің қайта жанар.
Еңіреп Мұқит бабам өтіпті-ау деп,
Кейінгі ұрпақтарым есіне алар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері