Сусамыр – елдің жайлауы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сусамыр – елдің жайлауы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 15683
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Елдік деймін, ендеше елдік деймін,
Сұлу қызға жарасқан белдік деймін.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Сырттай ғана өзіңді білуші едім,
Әдейі арнап аулыңа келдік деймін.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Қара күрең асау-ай, кермегім-ай,
Еріккенде бағатын ермегім-ай.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Қанша ауыл, қанша жер кезсем-дағы,
Сұлу жанды өзіңдей көрмедім-ай.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сусамыр – елдің жайлауы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Сусамыр – елдің жайлауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сусамыр – елдің жайлауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сусамыр – елдің жайлауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері