Топ шеңгел – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Топ шеңгел» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2815
Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
Екі он бесте қосылса тең келмес пе.
Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.

Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе өзің сенсең кел.

Қалам алып хат жаздым тарбиялап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сен біткен бір бәйтерек,
Бұтағыңа жүрмесін қарға ұялап.

Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе өзің сенсең кел.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері