Угай-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Угай-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3510
Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың,
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай.
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.

Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.

Бәсі қымбат-ай базарда алашаның,
Қызы сұлу болады Қарашаның, угай-ай.
Көре алмай сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады құдашаның, угай-ай.

Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері