Бұл бетте «Үкілім-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.
[Қайырмасы]
Үкілім-ай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай.
Ата-анамды сағынып әнге салдым,
Бауырымның хабарын алмағалы.
[Қайырмасы]
Үкілім-ай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай.
Ақ қағазға хат жаздым қалам алып,
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып.
[Қайырмасы]
Үкілім-ай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай.
Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай,
Шалға кетіп қор болдым, есім танып.
[Қайырмасы]
Үкілім-ай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі