Бұл бетте «Шама» атты Жарылғапберді Жұмабайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн батар кешке жақын таудан асып,
Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып.
Ақшамның қараңғысы болған шақта,
Аһ ұрып табысады өңшең ғашық!
Боз үйден таң алдында күйеу шығар,
Артынан қалар жары бетін басып.
Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ,
Ей, қалқа, тіліңді әкел, аузыңды ашып.
Тісің мен сары мойның жаудырасын,
Тіліңнен жан шөлімді қандырасың.
Салдыртып сал күреңмен келгенімде,
Көңілімді не себептен қалдырасың!
Ай жарық терезеңнің дәл түбінде,
Кіргізбей босағаңда талдырасың.
Аршын төс, алма мойын шаһизада,
Төсектен сүмбіл шашың салбырасын.
Айбатпен сотқа кірген прокурордай,
Шашыңа таққан шолпың салдырасын.
Жаңа ұшқан ұясынан бала қаздай,
Сәулем-ау, екі көзің жаудырасын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі