Шіркін-ай (1-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Шіркін-ай (1-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3852
Жылқы айдаймын көшкенде-ей, дөненменен,
Алма мойын арғымақ, шіркін-ай,
Дәурен-ай, көбеңменен, айдай-ай.

Жас өспірім жеткіншек балаларға,
Айтар сөзім мінеки, шіркін-ай,
Дәурен-ай, өлеңменен, айдай-ай.

Дәйім менің мінгенім ей, құла серек,
Өзім әнші топ жарған, шіркін-ай,
Дәурен-ай, бұла сергек, айдай-ай.

Сарымайдай сақтаған-ей, өлеңіңді,
Осындайда айтпасаң, шіркін-ай,
Дәурен-ай, неге керек, айдай-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері