Абай рухына тағзым – Әуезханов Саят

Бұл бетте «Абай рухына тағзым» атты Әуезханов Саят жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Баланар інжу-маржан жыры асылға,
Ғаламға кең сермеген құлашында.
Бұрын соңды өзге ешкімнен табылмаған,
Абайдың қазына бар мұрасында.

Абайдай шын өнеге,еренді ойлап,
Ізімен ұлы атамның келем жайлап.
Жыр жаздым ұлы Абайға тағзым қылып,
Жүрегімнің түбіне терең бойлап.

Жазылған елдің мұңы қаламында,
Айналған қазақ үшін бағалы ұлға.
Надан боп,адамдықтан тозған жұрттың,
Озғаны болыпты ғой заманында.

Байқалар жырларынан жаңа саф үн,
Сөздері тек шындыққа жанасатын.
Ұлы Абай болжампаз,әулие кісі,
Жырлары болашаққа жол ашатын.


Ешқашан тайқытпаған бағын жолдан,
Ойында таусылмайтын шабыт толған.
Өзі емес өзгенің қамын ойлап,
Тас қараңғы түнекке жарық болған.


Пікірлер (3)

Модератор

Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек (тырнақшасыз) болу керек .

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

cayatayuezkhanov

 Сәлеметсіздер ме !Қайта жіберуге бола ма?

Модератор

Егер қосқанда бір қате болса, "Қалам"-ды басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері