Тәтті мұң – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Тәтті мұң» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2043
Жанымның аңсары, асыл айым
Жүрегімнің өрті сен
Сағындым несіне жасырайын
Ғашықтықтың дерті сен

Шуақ төккен жаным өзіңнен көңілге
Нұр болып сәуле себілген
Бір өзің, бір өзіңді сүйдім өмірде

Сезімнің пәктігін сыйлаған ақ гүлім
Күн шуағым менің, шаттығым
Көңілді қуантқан, жанымды жұбатқан тәтті мұң

Сағыныш сезімі ыстық оттан
Сен деп соғар жүрегім
Айрылдым өзіңнен амал жоқтан
Бақытты бол тілерім

Ойлап сені жаным өртенер өзегім
Өзіңді, нұрлы көзіңді
Мәңгілік ән қылып өтердей сеземін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері