Бұл бетте «Жарым-айдай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жемәс.
Жел тимесе,күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.
Қайырмасы:
Өрік,мейіз,қант пен шай,
Алма мойын ақ бидай,
Жарым-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу,қалқатай-сәулетай.
Алып келген базардан білте шам-ай,
Бидай өңді аққұба құдашам-ай.
Сірә,менің көңілім басылар ма,
Сақиналы қолыңнан ет асамай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі