Бұл бетте «Жылыой» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге су шығатын,бие байлап.
Қызыл шай,жез самауырын,саздың суы,
Сәскеде ішуші едік әрең қайнап.
Аққұба,қарақат көз,бұраң белім,
Сол шайды құюшы еді көзі жайнап.
Торы айғыр тоқпақ жалды тоғайда бар,
Қыздардың хас көркемі ноғайда бар.
Көрінген қыздың бәрі сұлу емес,
Қыпша бел қынай буған шығайда бар.
Дендер мен Тұзтөбенің тұзын көрсең,
Жылыойдың таңғаласың қызын көрсең.
Атыңнан түскен қайтып міне алмайсың,
Сәулештің судан қайтқан ізін көрсең.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі