Керім-ау,айдай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Керім-ау,айдай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7061
Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы
Жануардың ұясы желге қарсы.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.

Қайырмасы:
Керім-ау,айдай,
Сағындым,сәулем,сені де ойлай.

Ауылымның қоғаны қарағайлы,
Жалған дос тату досқа жарамайды.
Сағынғанда сені ойлап, қимас қалқам,
Ішкен асым бойыма тарамайды.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері