Бұл бетте «Өтесің, қайран заман-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дегенде ырғи-қырғи,ырғи-қырғи,
Қанаты құйрығынан ұзын қырғи.
Барынды оралыңның ойна да күл,
Барады өтіп заман сырғи-сырғи,
Өтесің, қайран заман-ай!
Базардан алып келген алтын сақа,
Күлмесем,ойнамасам ішім қапа.
Барында оралыңның ойна да күл,
Барады жастық өтіп апа-сапа,
Өтесің, қайран заман-ай!
Дегенде үкі деймін,үкі деймін,
Басыңда үкі болып үлпілдеймін.
кеткенде ауылың шалғай, қимас қалқам,
Құшақтап қос жастықты үһілеймін,
Өтесің, қайран заман-ай!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі