Ақтоқты – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақтоқты» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2474
Бұл жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Малға жай Жеке көлдей қау бар ма екен?
Селт етіп оң қабағым көтерілді,
Көңілді қалқам келіп аулар ма екен?

Ақтоқты,кеткенің бе шыныңменен,
Тар жерде бал беруші ең тіліңменен.
Кез болдық дарияның қайраңына,
Зарланып ән шырқаймын бар үніммен.

Алдында есігіңнің балдырған жоқ,
Көңілді сұлу қыздар қалдырған жоқ.
Түсімде ұйықтасамда жанымдасың,
Ояна түрегелсем дәнеме жоқ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері