Ақтоқтының аужары
Бұл бетте «Ақтоқтының аужары» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қорқамын шымылдықтың құруынан,
Бір жаман қолын сұғып тұруынан.
Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,
Айырылып кете барар руынан.
Қоскөлді жылқы салып қиялаймын,
Қолымда көк қаршыға,биялайым.
Атамыз атасынан кем болып па,
Несіне айтар сөзді ұялайын.
Қоскөлдің шөп шабушы ем қияғынан,
Қорқамын бір жаманның сияғынан,
Жұртыма мен риза болар едім,
Құтқарса сол жаманның тұяғынан.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі