Екеуің де — ақ сұңқар – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Екеуің де — ақ сұңқар» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2306
Базар барып, базардан қазан алдым,
Атқы жеңіл болсын деп тазаны алдым.
Сен есіме түскенде, екі қалқам,
Жерге түскен қамшымды азар алдым.

Қайырмасы.
Бірің - қайың, бірің - тал,
Бірің - секер, бірің - бал.
Қайсыбірін мақтайын,
Екеуің де - ақ сұңқар.

Сары белден сарғайып таң келеді,
Жүйрік аттың артынан шаң келеді.
Өлеңді айт дегенде айта бермей,
Осындайда кей жаман паң келеді.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері