Бұл бетте «Жадау көк» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайыңдыдан ән салдым құлап тұрып, құлап тұрып,
Алтын шарқат ойнаттық лақтырып, лақтырып.
Қайырмасы:
Жадау көк,
Қайтейін, Бөбек, амал жоқ.
Қош бол, серім, дегенің естен кетпес, естен кетпес,
Кербестіге сүйеніп жылап тұрып, жылап тұрып.
Қайырмасы.
Жоғарыдан келемін керге мініп, керге мініп,
Алтын тоға, ақ басты ерге мініп, ерге мініп.
Қайырмасы.
Ақбөбектен, шіркін-ай, тірі айырылдым, тірі айырылдым,
Одан жақсы ед қалғаным жерге кіріп, жерге кіріп.
Қайырмасы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі