Бұл бетте «Ағашаяқ» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарағым айналайын, келдің қайдан,
Ала үйрек алма мойын ұшар сайда.
Ей, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
адамның жат болмағы осындайдан.
Қайырмасы:
Әй, қалды-ау, қалды-ау,
Қыз қайда, ойбай,
Қыз қайда?
Қара жол ма дегенім,
Шұбырыңды із боды-ай, ойбай.
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай.
Қыз болды-ау, ой-ой.
Әй! Қыздар-ай, есіңе ал.
Алсаң ал,алмасаң қой,
Мен дағы өлер деймісің.
Шіркін-ай, шіркін-ай,
Үкілі кәмшат бөркің-ай.
Ой, пәлі-ай, ой,пәлі-ай,
Ой, пәлі-ай!
Осылай ма едің,
Қыздар-ай!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі