Мөртай сұлу – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Мөртай сұлу» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2094
Сенің ауылың Қордайдың жотасында,
Менің ауылым Қопаның қырқасында, Мөртай-ай!
Тал бойыңда тарыдай бір мнің жоқ,
Тоты құстай түрленіп тұрсың ба,Мөртай-ай!

Қайырмасы:
Қызылқайнар, Шөлқайың,
Су ағады сай сайын.
Сен сағынсаң ай сайын,
Мен сағынам күн сайын.

Сенің ауылың Қордайдың кезеңінде,
Менің ауылым Жартастың өзеңінде, Мөртай-ай.
Сен есіме түскенде, Мөртай сұлу,
Өшпейтұғын жалын бар өзегімде, Мөртай-ай!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері