Ақ мақта – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ мақта» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2105
Жан едім көп сенімін,серт ақтаған,
Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан.
Менде бір ауылымның жұлдызымын,
Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.

Қайырмасы:
Еңбегіңнен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

Құрбыжан,қарай берме көп қадалып,
Әзіл сөз сен жөнінде жүр таралып.
Алыстан сығаламай ауылға кел,
Теруге ақ мақтаны бір баралық.

Қайырмасы.

Елімнің көңіліндей кең даламыз,
Кел біздің ауылымызға қарсы аламыз.
Толқыған ақ алтынның ортасында,
Шырқатып мақта деген ән саламыз.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ мақта өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақ мақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ мақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ мақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері