Өзіңсің – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Өзіңсің» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2211
Өзіңсің қимасымда, қымбаттымда,
Өзіңсің сырласымда, сымбатымда.
Ешкімнің еш уақытта дәті бармас,
Жамандап сені маған тіл қатуға.

Қайырмасы:
Ей, аяулым, ардақтым,асылым,
Өзіңсің, өзіңсің-өлеңім, жан сырым.

Өзіңсің арманымда, тілегімде,
Жақын деп басқа жанды білемін бе?
Отыңды өзің жаққан өзін сөндір,
Бір от бар саған деген жүрегімде.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері