Ақтамақ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақтамақ» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3665
Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.

Қайырмасы:
Айдын көлдің еркесі,
Еркін өскен Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған.
Бұлбұлымсың Ақтамақ.

Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің,
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.
Сымға тартқан күмістей нәзік белің,
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтамақ өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақтамақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтамақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтамақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері