Қаракөз (7 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаракөз (7 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1867
Арасы екі ауылдың балғын көлді-ау,
Балығын балғын көлдің алғым келді.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Жеріңде ат шалдырып қалғым келді.

Қайырмасы:
Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін?
Еске түссе ғашық дерт,
Уәйім жеймін.

Ішінде көп асықтың қызыл кеней,
Қыз бала кетсе тігер жол-жөнекей.
Аулыңа алаукермен келгенімде,
Көйлектің бауын шешші, қойшы-ау демей.

Қайырмасы:
Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін?
Еске түссе ғашық дерт,
Уәйім жеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері