Бұл бетте «Өзің де, жігіт, қызықсың» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғашық боп сырттан үзіліп,
Қыз жоқта маған айтасың.
Ол барда өіңің бұзылып,
Үндемей үйге қайтасың
Өзің де, жігіт, қызықсың,
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!
Жұмыстан қайтар кезіңде
кеңсесі алдын бағасын.
Тілдесе алмай өзімен,
Сыртынан мәз боп қаласың
Өзің де, жігіт, қызықсың,
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!
Күн нұры түспей гүл өзі
Ашылар деме бекерге.
жігіттің жылы бір сөзі
Жібітпей қызды кетер ме?
Өзің де, жігіт, қызықсың,
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі