Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6929
Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап болама?
Қыз таңдап, ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қонама.

Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу,
Атым білмей қор болдым,
Әйтеуір, сол қыз - бір сұлу.

Білмеймін, диұан ба екен,малшы ма екен,
Әлде бір алма мойын әнші ма екен?
Тапқанша сол сұлуды,кең Арқаның
Аралап барлық жолын тауысып өтем.

Қайырмасы.

Білмеймін, аққұба ма, қара ма екен,
Мейірім бір көргенде қана ма екен?
Ел кезіп, аудан қоймай жүргенімде,
Япыр-ай, қай ауылдан табар екем?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері