Есімде
Бұл бетте «Есімде» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алматының бозғылт тұман түнінде,
Кеп тұрып ек жасыл терек түбінде.
Сүйемін деп асылып ең мойныма,
Қайда, қайда сол бір елес бұл күнде. - 2 рет.
Айтшы қалқам,қайда,қайда сол уақыт,
Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт.
Маңдайынды сүйіп, сәулем, төсіме,
Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып. - 2 рет.
Айтшы жаным, қайда,қайда сол бір кез,
Қайда таныс,қайда мөлдір қара көз.
Теректе жоқ, сенде жоқсың бұл күнде,
Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз. - 2 рет.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі