Ақ маңдайлым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ маңдайлым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 1
  • 10148
Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шықтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.

Қайырмасы:
Айналдым, ақ маңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде,
Ұялма, "жан сәулем!" де,
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,
Жадырашы, назданшы, еркелеші.

"Сен" деген сөзің серттен артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңнен қорғасындай балқып еді.

Қайырмасы.

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
"Сіз" деген салқын сөзлен тоңамың ғой,
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.


Пікірлер (1)

Айжан

Осындай қазақ әндердің - халықтық, Затаевич жинап шығарған сборниктен, совет және кәзіргі композиторлардын әндердің, күйлердің ноталарын неге жинақтап, шығармайсыз, соған патент алып, цыфрлындырбайсыз, интернетке шығарып?!. Бұл өте маңызды мәселе!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ маңдайлым өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақ маңдайлым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ маңдайлым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ маңдайлым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері