Кінә қойма, жақсы дос,енді маған – Тұманбай Молдағалиев

Бұл бетте «Кінә қойма, жақсы дос,енді маған» атты Тұманбай Молдағалиев жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.05.2019
  • 0
  • 1
  • 9891
Кінә қойма, жақсы дос, енді маған,
Мұнарланған даламнан кеңдік алам.
Биіктенем қарап ап тауларыма,
Жылау үшін өмірге келді ме адам?
Жоқ, келгем жоқ дүниеге жылау үшін,
Елімдікі бойдағы бұла күшім.
Мен шыққанда саңқылдап сахнаға,
Үнсіз ұйып тыңдайды үлкен-кішім.
Салғырттықты сара жыр қуалады,
Тау биігі мекенім, гүл алабы.
Үнсіз тыңдап жырымды балаларым,
Бір бақытты көргендей қуанады.
Бүгін, міне, заң басқа, заман басқа,
Беріп бақтым қол ұшын әман досқа.
Жақсылық боп көрінсем жамиғатқа,
Керек маған қандай бақ одан басқа?!


Пікірлер (1)

Сұлтан Аружан

Өте тамаша,әрі мағыналы тақпақтар.
Маған өте қатты ұнады????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кінә қойма, жақсы дос,енді маған өлеңінің авторы кім?

Тұманбай Молдағалиев — осы өлеңнің авторы.

Кінә қойма, жақсы дос,енді маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кінә қойма, жақсы дос,енді маған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кінә қойма, жақсы дос,енді маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері