Жеті нота
Бұл бетте «Жеті нота» атты Тілеуғазы Бейсембеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеті санын халқымыз
Қасиетті санаған.
Қадірлеген салтымыз,
Жақсылыққа балаған.
Аптада бар жеті күн,
Демалысы соңында.
Білсең нота тетігін,
Жетеу – саны оның да.
«До» дегенің – дүйсенбі,
«Ре» – сейсенбі емес пе?
«Ми» дегенің сәрсенбі,
Сақта мұны сен еске.
«Фа» – бейсенбі, «соль» – жұма,
«Ля» дегенің – сенбі күн.
«Си» – жексенбі, болды ма?
Таласады енді кім?
Далам – ән мен күй елі,
Әр күніміз – думан-той.
Жеті күннен киелі –
Жеті нота туған ғой.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі