Асығыс адам

Бұл бетте «Асығыс адам» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1366
Жүрді бір топ далада,
Қалың белді омбылап.
Тас бұрқасын айнала,
Көтерілген құм тулап.
Өрлеу керек бірақ та —
Алда зерттеу, бұрғылау.
Алда талай алқапта
Қазылмақшы шықырау.
Келеді өрлеп құм жарып,
Жүздерін от жел аптап.
Сәл ғана істі доғарып,
Түнде ғана қонақтап.
Ұзақ, ауыр жол қиын,
Бөгелісті құм көшкін.
Ойқастайды жел-құйын,
Бүркеп жолын белестің.
Түтеп тас пен топырақ,
Болса дауыл тынбаған —
Бөгелсе топ азырақ,
Асығады бір адам:
Көнбеу керек дауылға,
Өрлеу керек асығыс.
Алда шұғыл тағы да
Талай-талай жатыр іс!
Өткір көзі сенімді,
Жанып құмға қарайды.
Кәрі бір шандоз секілді,
Құмда жортқан талайғы.
Тұрса көзді тас ұрып,
Тауып бұрын жотаны,—
Қазып құмын асығып,
Бұрғы салып жатады.
Тұрса да күн жалындап,
Соқса-дағы сұр боран.
Бурыл шашы жалбырап,
Тартады алға сол адам.
Өйткені алда көп әлі іс,
Бөгелмейді боранға!
Асығады, ол — коммунист,
Көп міндеті бар алда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асығыс адам өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Асығыс адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асығыс адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асығыс адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері