Жарылу

Бұл бетте «Жарылу» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1247
Алып таудай жарылған
Аулақта жер тітіреп,
Айлы түнде адырдан
Шықты гүрсіл күркіреп.
Қопарылып Қараадыр,
Көкке шықты құм тулап.
Діріл қағып дала тұр,
Шатырлаған күй тыңдап.
Ақсақ Әлім сыналап,
Жатыр еді дуалды.
Сескене қап:— Снаряд!
Деді де, тез қуанды:
— Қандай қызық! Өр құмда,
Белдер жатыр бұзылып.
Шалқиды кеп орнында,
Құм қопарса взрыв.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарылу өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Жарылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері