Түрікмен қызы – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Түрікмен қызы» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1616
«Он жеті өрім шашыңды,
Қайта неге тарадың?
Сұр өзенге ашулы
Күліп неге қарадың?
Әлде жарың көп күткен
Кемеменен келе ме?
Ұнады қай үмітпен
Саған мынау селебе?»
Қара көзі жарқылдап,
Сақ-сақ күлді сонда қыз...
«Ғашығым бар, ол бірақ
Қандай екен, тыңдаңыз:
Жаз бойымен мақтаны
Суардым су себелеп.
Сүйем өзен аққанын —
Маған тасқын сел керек.
Жас күнімнен ағынға
Құмарлығым сақталды.
Су апарып бағыма
Шомылдырам мақтамды.
Бұл жағадан бұрылып
Ағады өзен жеріме.
Толқын моншақ құйылып,
Құлпыртады мені де...»
Айтып соны, күлімдеп
Қарай қалды ағынға.
Ақты дария гүрілдеп,
Төсін керіп дауылға.
Жымың қағып толқынға
Түрікменнің тұр қызы:
Жайнағандай алдында
Бақытының жұлдызы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері