Марқакөл – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Марқакөл» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1962
Тас қиядан таң аса мен
Аңсап келдім көлдің нұрын.
Күмбез тауға тамаша кең
Көл де жайды көк мөлдірін.
Асқар Алтай тау ғой алып,
Алтын қом бар өркешінде.
Теңгедей боп жарқыл қағып
Жайнап жатыр көл төсінде.
Арқа шыңға асылып күн,
Ақ қанатын жайды нуға.
Мен де күндей асығыппын.
Жүзуге көл айдынында.
Жұпарына кенелеміз,
Қаз-үйректей көлді жүзген.
Ән шырқадық кемеде біз
Қой басынан келген қызбен.
Тербелді ме сол бір әнге,
Көл де билеп теңселеді.
Өлең болып толқын әлде
Есіле ме, көрсе мені?
Айдын көлдің кең бетінде
Ән толқындай тарқап ерді.
Айна ғой деп келбеті де
Қыз мақтады Марқакөлді.
Асқарынан ән шырқап қыз,
Қожыр тауға көз қадады.
Аңырдық-ау, таңырқап біз,
Құж-құж тастар қозғалады...
Қоздаған ба асқар, белес,
Қойтастар ма қой боп жүрген.
Уа, керемет, тастар емес,
Қойлар екен сол өрбіген!
Қыздың шашын гүл сипатты
Сипалады ойнап жел де.
Шопан ата келе жатты
Қалың қойды айдап көлге.
Айдын көлден әнші қалқам
Қол бұлғады әкесіне.
Мен жырымды қайтып айтам,
Тыңдамай сен кетесің бе?
Жырсыз тауға қарамашы,
Көлді жырым аймалашы.
Жырымды айтып аралашы
Айдың көлдің айналасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Марқакөл өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Марқакөл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Марқакөл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Марқакөл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері