Өлең, жыр, ақындар

Елу жаңа жыл көрдім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1258
Жаңа бір жылдың алдында,
Ақпанда тудым мен өзім.
Аяздың зілі қалды ма,
Қыраулы болды мінезім.
Күн шуағы әлдилеп,
Гүл бақта мен тумадым.
Мен туғанда қар билеп,
Боранның даусын тыңдадым.
Жыл туса жас көріндім,
Елу қыс келді ентелеп.
Елу рет сарай — өмірдің,
Есігін аштым еркелеп.
Разымын жаңа жылдарға,
Қары бар, денең шынығар.
Жыл жақсы — жарқын күн барда,
Жаз келер, жайнар гүлі бар.
Қарына да аунадым,
Қыс келсе қайта түледім.
Жазында күнмен жайнадым,
Жігіт — өмірім, гүл — елім.
Жаңарды жылда жасым да,
Жапырағындай бұтаның.
Оқыдым жарты ғасырда,
Өмірдің елу кітабын..
Таныдым сол кітаптан,
ЬІстықты және суықты.
Жырладым жылда гүл атқан,
Қарғадым күнді — уытты.
Майданда оқ бораса,
Соңынан жылы жыл күттім.
Өзімді бердім әрқашан,
Еркіне зор үміттің.
Разымын өткен жылдарға,
Елуін сапқа тұрғыздым.
Үйрендім сырын жырлауға,
Мұхиттардың, жұлдыздың.
Өтсе де жылдар тамаша,
Ғасырым жаңа басталды.
Ракетамен таласа,
Жырларым кезді аспанды.
Білемін жылда өмірге,
Кереметтің туарын.
Жалындап келдім мен бірге,
Заманға ұлы — куәмін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елу жаңа жыл көрдім өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Елу жаңа жыл көрдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Елу жаңа жыл көрдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елу жаңа жыл көрдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері