Таң атқанша асығып

Бұл бетте «Таң атқанша асығып» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2019
Атқанша бір таң анық,
Асыға ойлап жатамын,
Бүгін қандай жаңалық
Тапты екен деп Отаным.
Орнап жаңа заводтар,
Шырқады ма гудогін?
Өзенде жанып жаңа оттар,
Жайнатты ма түн көгін?
Асылын жатқан жасырып,
Жапан дала, сары құмда —
Жаңа бір кен ашылып,
Бұрғысың шахтер салды ма?
Мүмкін ақын толғанып,
Туды ма талай шығарма —
Достарым керіп, таң қалып
Оқып жатқан шығар да!
Ғалымдар, мүмкін, бұл түнде
Әлдебір жұлдыз отынан,
Тапқан шығар тың мүлде
Текті бір күшті атомнан.
Өзендер, мүмкін, пайда боп
Жаңа бір жалпақ жағада,
Орнаған шығар жайнап көк
Ормандар Бетпақдалаға.
Шықты ма әлде ертемен,
Қуантып халқын хабары.
Жеңіске жолды сілтеген
Це-Ка-ның жаңа қарары?
Қызыққа толы күндерім,
Естимін ылғи жаңалық.
Жеңістен жаңа гулеп үн,
Хабарын келер таң алып.
Жырлағым келіп қуанып,
Тыңдағым келер бәрін де,
Жеңістер жатса шыңдалып
От беріп өлеңдеріме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң атқанша асығып өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Таң атқанша асығып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң атқанша асығып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң атқанша асығып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері