Қос кептер – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Қос кептер» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2228
Қос кептер күнде қонады,
Ауламды менің кең көріп.
Ауламның солар қонағы,
Сыйлаймын ылғи жем беріп.
Екеуі қандай әдемі,
Жем тереді жарасып,
Қандай және әдебі,
Көрген жоқ бір таласып.
Қандай тату екеуі,
Достық деген осы да!
Күн-түні бір мекені,
Көкке ұшады қосыла.
Айтқаны әлде өлең бе,
Үндеседі сұңқылдап.
Құс тілін білсем егер де,
Мәз болар ем, сыр тыңдап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері