Келіңдер, кең далама

Бұл бетте «Келіңдер, кең далама» атты Қалижан Бекхожин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1822
Келіңдер, кең далама, достар тағы,
Ән-жырдың халқымыздың қостар жаны.
Жайылар алдарыңа кең құшақпен,
Даланың дәнге толы дастарқаны.
Ағасың! Алып жұртсың тау мүсінді,
Үнің бар, екпіндеген дауыл-сынды.
Ежелден атам қазақ естіп өсті,
Далада сенің дарқан дауысыңды.
Халқымның сол даусыңа жаны құштар,
Үніңде — еркіндік бар, қуаныш бар.
Пушкиннің лебізі бар,
Дауысында —
Лениннің қуаты бар, жалын күш бар.
Алғысын айтып қойшы лебізіңе,
Егінші жыр тізеді дән ізіне.
Қосады үндеріңді қалың қазақ,
Достықтың толқындаған теңізіне.
Осындай достар келген игі күнде,
Өткеннің шертілгендей күйі бірге.
Разы боп, қол соғып тұр Абай аға,
Сендерге, Алатаудың биігінде.
Ұқсайды пейіліміз таң нұрына,
Достығың шұғыла шашты тағдырыма.
Орыстың жүрегінің ырғақтары,
Соғады менің күре тамырымда.
Ұлысың — талайыңа сөз егілген,
Дарқансың, мерейіңнің өзені кең.
Ағады аңқамызға сусын жырық,
Россия, сенің терең өзегіңнен.
Жауғандай даламызға жаңбыр құтты,
Дауысыңмен жұрт жүрегі жаңғырықты.
Кел достар,
Таң — тамаша ән шырқалық,
Кең сарай, пейіл үшін мәңгілікті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келіңдер, кең далама өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Келіңдер, кең далама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келіңдер, кең далама өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Келіңдер, кең далама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері