Жел
Бұл бетте «Жел» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен кезбе жел, еркесін,
Неткен бұндай?
Кездің қазақ өлкесін —
Ерке ұлыңдай.
Шымшып өтіп бұралған.
Өзендерін,
Сүйдің гүлін нұр тамған,
Бізден бұрын,
Серуендеп кең дала
Шығандарын,
Шалқып басқан сен ғана
Шыңның бәрін.
Мен серіні көрмедім,
Сылқым сендей,
Бір әнің жоқ гүлдерің
Сүйсінгендей.
Қызғанамын сенен жел,
Даланы мен.
Озам сенен, жолды бер,
Дауыл үнмен.
Құйындаған үніммен
Толғап әнді,
Сүйем сенен бұрын мен
Кең даламды!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі